Испанияда ыстықтан 2064 адам көз жұмды

Испанияда биыл аптап ыстықтан көз жұмғандар саны 2 мыңнан асып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл былтырмен салыстырғанда, 4 есе көп. Марқұмдардың дені - қарт кісілер. Қайтыс болғандар қатарында балалар да бар. Айта кеткен жөн, биыл жазда Еуропаның көп елін аномальды ыстық әлекке салды. Мамандар оған климаттың өзгеруі себеп дейді. Испаниядан бөлек мұндай жағдай Португалия, Франция, Италия мен Ұлыбританияда тіркелді. Аптап соңы қуаңшылыққа ұласып, Еуропаның кейбір елдері суды тұтынуды шектеуге мәжбүр.  

 

 

Сондай-ақ...