Мьянмада төтенше жағдай мерзімі ұзарды

Мьянма үкіметі елдегі төтенше жағдай режимінің мерзімін тағы 6 айға ұзартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін әскердің жоғарғы бас қолбасшысы Мин Аунг Хлаинг телерналар арқылы жариялады. Еске сала кетейік, былтыр ақпанда әскери хунта мемлекеттік төңкеріс жасап, Аун Сан Су Чжи үкіметін биліктен ығыстырды. Содан бері Мьянмада төтенше жағдай режимі енгізілген. Генералдың айтуынша, ел демократиясына іштен және сырттан қатер төндіретін лаңкестік ұйымдардың қитұрқы әрекеті тыйылмай тұрғандықтан үкімет төтенше жағдай мерзімін ұзартты.

Мин Аунг Хлаинг, әскердің жоғарғы бас қолбасшысы:

- Мемлекеттік міндеттерді орындауға бар күшімізді салдық. Алайда іштегі және сырттағы террористер мен олардың жақтастары демократияны дамытуды емес, оны құртуды көздеп отыр.

Сондай-ақ...