Пәкістанда су тасқынынан опат болғандар саны артты

Пәкістанның Белуджистан провинциясында толассыз жауын мен су тасқынынан опат болғандар саны 124-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

10 мыңға жуық үй қирап, бүлінген. Кветта қаласы маңындағы бірқатар тасжолды су шайып кеткен. Өңірде жалпы 29 ауданды су басқан. Апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Билік қаза тапқандар саны артуы мүмкін деп отыр. 

Бүгін түнде ауылымызға әскерилер тікұшақпен келіп тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді. Қазір шатырлар құрып, жапа шеккендерге азық-түлік таратып жатыр. Тасқын көп үйді тас талқан етіп шайып кетті.

МЬЯНМАДА ТОЛАССЫЗ ЖАҢБЫР СОҢЫ ТАСҚЫНҒА ҰЛАСТЫ

Көп мекенді су басты. Апат аудандарында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қаза тапқандар туралы ақпар жоқ. Мандалай қаласынан 70 шақырымдай жердегі ауыл тұрғындары жаңбыр 9 сағат бойы жауғанын айтады.