Одесса портынан Украина астығы тиелген алғашқы кеме аттанды

Одесса портынан Украина астығы тиелген алғашқы кеме аттанды

Ол Ливанға 26 мың тонна жүгері жеткізуі тиіс.

Айта кеткен жөн, 22 шілдеде Ыстамбұлда Киев пен Мәскеу делегациялары сондай-ақ Түркия президенті және БҰҰ Бас хатшысының қатысуымен кездесу өтіп, халықаралық келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сәйкес, қарулы қақтығысқа байланысты Украина кемежайларында жиналып қалған шамамен 20 млн тонна астық «қауіпсіз дәліздер» арқылы экспортталады. Сарапшылар тиісті келісім әлемдегі азық-түлік дағдарысын еңсеруге көмектесетінін айтады.