Иранда тасқыннан 69 адам опат болды

Иранда да жойқын су тасқыны жүрді. Соның салдарынан 69 адам опат болды. 45 азамат із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

20 мыңнан астам баспана бүлінді. Осыған байланысты мамандар мыңдаған тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді. Тілсіз жаудан бірнеше әуежайдың жұмысы тоқтап, тасжолдар жабылды.

Айта өтейік, кейінгі жылдары Иран елі тасқын судан көз ашпай келеді. Ғалымдар мұны бірінші кезекте климаттың өзгеруімен байланыстырады.