Hubble телескобы 3 галактиканы суретке түсірді

НАСА-ға тиесілі Хаббл телескобы Жерге ғарыштың тағы бір әдемі суретін жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолғы фотодан бірден 3 галактиканы байқауға болады. Мамандардың айтуынша, олар Геркулес жұлдыздар тобында орналасқан. Пішіні шиыршық және эллипс тәрізді екен. Суреттен олар бір-бірін жауып тұрғандай көрінеді, дейді ғалымдар.

Айта өтейік, ондаған жылдар бойы ғарышта жүрген Hubble телескобы галактикалар мен жұлдыздардағы, тұмандықтардағы түрлі процестерді фотоға түсіріп, жерге бағалы ақпараттар жолдап келеді.