Данияда туризмнің жаңа түрі пайда болды

Дәл қазір туризм саласының айы оңынан туып тұр. Пандемия кезінде қол қусырып отырып қалған кәсіпкерлер, биылғы жаздың бергенін барынша пайдалануға асық. Жарнамасын асырып, жаңаша қырларын да аша бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Данияға қарасты Гренландия аралында туризмнің жаңа түрі пайда болды. Саяхатшылар бұл аймаққа мұзтаудың құлағанын немесе ерігенін көру үшін келуге асық. Адам қарасы көбейіп жатқандықтан Гренландияда 2024 жылы 3 жаңа әуежай салынғалы жатыр. Әлемдегі ең ірі аралдағы мұздың еруіне климат өзгерісі әсер етуде. Ғалымдар Арктикада жылыну үдерісі 3 есе жылдам жүріп жатқанын айтады.