Түркияда туристердің саны 107%-ке артты

Түркияда туристердің саны 107%-ке артты

Түркияда жыл басынан бері Жерорта теңізінің жағасында орналасқан курорттық жерлерге келген шетел туристердің саны 107 процентке артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір ғана Анталия қаласында демалушылардың қатары 6 млн-нан асып соңғы екі жылдың рекордын жаңартты. Десе де сарапшылар аймаққа әдеттегідей Украина мен Ресейден келетіндердің саны айтарлықтай азайғанын айтады.

ӘЛЕМДІК ТУРИЗМ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Жалпы әлемдік туризм пандемияға дейінгі деңгейге жартылай оралды. 2019-шы жылы әлемде бір жарым миллиард адам саяхаттаса, биыл алғашқы бес айда 250 миллион турист шет елде демалған. Саяхатшылардың басым бөлігі Еуропа елдеріне баруға ынтық. Әсіресе, Германия, Франция, Италия, Испания, Грузия сияқты елдер көп қызықтырады. Бұл ең алдымен шектеу шараларының жеңілдеуімен байланысты. Десе де сарапшылар әлемдегі геосаяси ахуал мен инфляция саланың тез қалпына келуіне кері әсер етіп отырғанын айтады.