loader

Антониу Гутерриш ядролық қарудан бас тартуға шақырды

Антониу Гутерриш ядролық қарудан бас тартуға шақырды

Әлемде ядролық қаруды қолдану қауіпі қырғиқабақ соғыстан бергі ең қауіпті деңгейге жетті.

Адамзат баласы жойылып кете жаздаған Хиросима мен Нагасакиді ұмытудың алдында тұр. БҰҰ Бас хатшысы Ядролық қаруды таратпау туралы келісім-шартқа мүше елдердің конференциясының ашылуында осылай деп мәлімдеді. Антониу Гутерриш әлем елдерін ядролық қарудан бас тартып, оны толық жоюға шақырды. Ядролық қаруды таратпау туралы келісім-шартқа 1968 жылы 59 мемлекет қол қойып, 1970 жылы күшіне енген. 

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Қырғиқабақ соғыстан кейін қара бұлт қайта үйіріле бастады. Осы уақытқа дейін адамзат баласының жолы болып келді. Бірақ бұл ядролық қақтығысқа әкелетін геополитикалық шиеленістен қорғайтын стратегия емес. Қазір адамзат баласы бір ғана жаңылыс қадам арқылы ядролық қарумен өзін-өзі жойып жіберу қауіпі алдында тұр. Сондықтан бізге ядролық қаруды таратпау туралы келісім-шарт өте қажет.

Сондай-ақ...