476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бразилияда сиам егіздерін бөлу операциясы өтті

  • 160
  • UPD: 10:44, 02.08.2022

Бұл жолы дәрігерлер бастары бірігіп туған үш жасар Артур және Бернардо есімді ер балаларды ажыратты.

Бүлдіршіндердің миы мен қанды жүрекке қарай жүргізетін басты көктамыры бірігіп туған. Күрделі операция 27 сағатқа созылды. Оны британдық дәрігерлердің жетекшілігімен жергілікті мамандар жүзеге асырды. Енді кішкентайлар жарты жылдық оңалту курсынан өтуі керек.

Дерекке сүйенсек, әлемде шамамен әр 60 мың жағдайда сиам егіздері дүниеге келсе, солардың 5 пайызының бастары бірігіп туылады екен.

Хабар 24 телеарнасы