Куба билігі Гавананы электр жарығынан ажырата бастады

Куба билігі ел астанасы Гавананы электр энергиясынан ажырата бастады.

Жарықты өшіру уақыты мемлекеттік телеарналарда, ресми әлеуметтік парақшалар арқылы хабарланады. Электр тапшылығы 2 миллиондай тұрғынға оңай соғып жатқан жоқ. Көшеде бағдаршамдар істен шығып, ғимарттарда желдеткіштер жұмыс істемей тұр. Елдегі электр станцияларының 90 проценті отынға зәру. АҚШ салған санкциялар мен коронавирустан ес жия алмай отырған Кубада инфляция дес бермей отыр.

Мириам Кеортес, зейнеткер:

- Өзім дімкәспін. Электр қуаты болмаса, ауабаптағыш қоса алмаймыз. Аптап ыстықтан басым ауырады. Еркін тыныстау мүлде мүмкін емес.