Элвис Преслидің заттары аукционға шығарылады

Аты аңызға айналған американдық музыкант Элвис Преслидің әшекейлері мен өзге де бұйымдары АҚШ-та аукционға қойылады.

Ол бұл зергерлік бұйымдарды өзінің менеджері Том Паркерге сыйға тартқан. Бірақ әншінің қазасынан кейін жоғалып кетеді. Содан Калифорнияда өтетін бәссаудаға алғаш рет шығарылып отыр. Аукционда барлығы Преслидің 200-дей бұйымы сатылмақ. Олардың ішінде асыл тастармен безендірілген сақина, алтын сағат, гитара бар. Аукционды ұйымдастыруға "Пресли пайдаланды" деген желеумен сатылатын жалған заттардың көбеюі түрткі болған.

Присцилла Пресли, Элвис Преслидің бұрынғы әйелі:

- Қазір әншінің заттары болған деген желеумен жалған бұйымдар көп сатылатын болды. Бұл мені алаңдатады. Сондықтан ол пайдаланған заттарды күтіп қарайтын адамдардың қолында болғанын қалаймын.

Сондай-ақ...