Қытай арал маңында әскери оқу-жаттығу бастады

Қытай арал маңында әскери оқу-жаттығу бастады

Қытай әскері Тайвань маңында әскери-оқу жаттығуын бастады. Ол аралдың солтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бөлігіне жақын теңізде және әуеде өткізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бейжіңнің мәлімдеуінше, жаттығулар АҚШ-тың Тайвань мәселесін ушықтыруына бағытталған әрекеті мен аралдың бүлікшілік пиғылына жол бермеу үшін қолға алынған. Кеше АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға барған еді. Қытай Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың осы елдегі елшісін шақырып алып наразылығын білдірді. АҚШ саясаткерінің әрекеті өңірдің тұрақтылығына қауіп төндіретінін жеткізді. Ал Ақ үй Өкілдер палатасының спикері Тайваньға сапар шегуге құқысы барын айтты. Бірақ БҰҰ Тайваньға қатысты «бір Қытай» саясатын ұстанатынын атап өтті.