АҚШ Қытаймен егесті қаламайды

Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына бола, Вашингтон Бейжіңмен текетіреске барғысы келмейді. АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі осылай мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Джон Кирби Өкілдер палатасы спикерінің аралға баруына толық құқы бар, бұл Қытайдың егемендігіне нұқсан келтірмейді деді. Бірқатар ақпарат құралдары Қытай Тайваньннан жеміс-жидек пен балықтың бірнеше түрін импорттауды тоқтатты деп хабарлады. Бұған осы іспен айналысатын кәсіпорындардың тіркеу мәліметінен шыққан шикіліктер себеп болған.

Джон Кирби, АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі:

Біз сес көрсетуден аулақпыз. Тынық мұхитының батыс бөлігінде су мен аспандағы іс-әрекетімізді жалғастыра бермекпіз. Тайваньды қолдау, Үнді-Тынық мұхитының аймағын қорғау және Бейжіңмен жақсы қарым-қатынаста болу біздің басты бағытымыз. Бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау тұрақты ұранымыз.