Анкара Афинаға талап қойды

Түркия, егер Грекия Эгей теңізінің шығысындағы аралдарда қарусыздандыру талаптарын орындамаса, тиісті шаралар қолға алынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі оларға қару орналастыру аймақтың қауіпсіздігіне қатер төндіреді дейді. Сонымен қатар Афинаның өз әскери бюджетін 5 есе ұлғайтуы біздің елге қарсы қадам дайындап жатқанын көрсетеді деп отыр. Соңғы уақытта Түркия мен Грекия арасында қарым-қатынас шиеленісе түскен. Осыған байланысты президент Режеп Тайып Ердоған «Грекия Түркияның шекарасын заңды түрде бекіткен Лозанна бейбіт келісімшартын әдейі бұзып отыр» деп айыптады. Ал Афина Түркия оның егемендік құқықтарын аяққа таптағанын айтты.

Сондай-ақ...