Германияның кейбір өңірі босқындарды қабылдамайды

Германияның кейбір өңірлері украиналық босқындарды қабылдауға мораторий жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, Бранденбург жерінде халық саны шамадан асып кеткен. Саксонияда босқындарға төлейтін өтемақыға қаржы жетіспей жатыр. Енді бір өңірде оларды жатқызатын орын тапшы.

Айта кеткен жөн, Украинада қарулы қақтығыс басталғалы 10 миллион адам өзге елдерге босып кеткен. Көбін Польша қабылдады. Алайда Германияға да біраз адам табан тіреген. Қолда бар мәлімет бойынша мұнда бір миллионға жуық украиналық босқын келген.