476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Испанияда таза әуе жанармайы өндіріледі

  • 209
  • UPD: 10:04, 03.08.2022
Испанияда таза әуе жанармайы өндіріледі

Ғалымдар экологиялық жағынан таза әуе жанармайын өндіруге арналған технология ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрылғы көміртегі диоксиді мен суды күн реакторына аударып, химиялық тұрғыда ыдыратады. Нәтижесінде синтетикалық газ пайда болады. Осылайша жермай мен дизель отыны алынады. Күн реакторы Испанияда орналасқан.

Филипп Ферлер, Synhelion бас директоры:

Мақсатымыз осы өндірісті 2025 жылға қарай толық іске қосу. Яғни жылына қуаты 10 миллион литр метанолға жуықтайтын күн отынын шығаратын коммерциялық зауыт тұрғызу.

Айта кетейік, әлемдегі зиянды қалдықтардың 5 проценті авиация саласына тиесілі. Бұлар да климатқа кері әсер етеді. Қазір ұзақ қашықтыққа қатынайтын коммерциялық ұшақтар үшін экологиялық жағынан таза отын жоқ.

Хабар 24 телеарнасы