Ресейде Украинаның «Азов» полкі лаңкестік ұйым деп танылды

Шешімді осы елдің Жоғарғы соты Бас прокурордың өтініші негізінде шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ жарлық әлі күшіне енген жоқ. Сот отырысының көп бөлігі жабық өтті. Енді «Азовты» құрған тұлғаларды 20 жылға бас бостандығынан айыру мен 1 миллион рубльге дейін айыппұл салу қарастырылып отыр. Қазір Ресей тергеу комитеті Донбасстағы бейбіт тұрғындар өліміне қатысы бар деген айыппен ұйымның бірқатар мүшесінің үстінен іс қозғаған. Бірақ сарбаздардың туыстары оларды «лаңкес» деп атау мүлдем қисынсыз екенін айтады.

Олар лаңкес емес. Олар қаһармандықпен қорғанып, нағыз ерлік көрсеткен батырлар. Біздің Қызыл Крест пен БҰҰ-ға сұрағымыз көп. Бірақ әлі жауап жоқ. Олар өздеріне алған міндеттерді орындамай отыр.