Ұлыбританияда премьер-министрді сайлау кейінге шегерілді

Ұлыбританияда премьер-министр сайлауы кейінге қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған хакерлік шабуыл қаупі себеп болды. Негізі дауыс беру бюллетеньдері осыдан екі күн бұрын Консервативті партия өкілдеріне пошта арқылы жіберілуі керек болатын. Енді ол тамыздың 11-і күні ғана жолданатын болды. Жуырда Ұлыбританияның үкіметтік байланыс орталығы ұлттық киберқауіпсіздік орталығының ұсынысымен осындай шешім қабылдады. Аталған мекеме келтірген дерек бойынша хакерлер сайлауға араласып, бюллетеньдерді өзгертуге тырысады деген қауіп пайда болған. Осыған байланысты дауыс беру тәртібіне өзгеріс енгізілмек.