Үндістандағы қуаңшылықтан күріш қымбаттауы мүмкін

Үндістанда биыл күріш алқаптарының аумағы 13 процентке қысқарды. Оған қуаңшылық себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан кейбір өңірлерде бұл өнімнің бағасы 10 процентке дейін қымбаттаған.

Айта кеткен жөн, Үндістан күріш өндіру бойынша әлемде Қытайдан кейін екінші орында тұр. Енді алдағы уақытта оны экспорттауға шектеу қойылуы мүмкін. Бұған дейін билік бидай мен қантты да елден шығаруға тыйым салған еді. Ол кезде де мұндай шешім қабылдауға құрғақшылық себеп болған. Қазір мемлекет күріштің бір тоннасын 365 долларға экспорттап жатыр. Сарапшылар күзде баға 400 долларға дейін жетуі мүмкін екенін айтады.       

Сондай-ақ...