АҚШ сенаты Финляндия мен Швецияның шешімін қолдады

АҚШ сенаты Финляндия мен Швецияның Солтүстік Атлантикалық Альянс құрамына кіруіне дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

100 сенатордың 95-і қос мемлекеттің НАТО-ға мүше болуын құп көрсе, 1-еуі қарсылығын білдірді. Естеріңізге салайық, Хельсинки мен Стокгольмның ұйымға қосылғысы келетінін мамыр айында мәлімдеген болатын. Күні бүгінге дейін  Альянсқа мүше  30 елдің 23 -і құжатты бекітіп үлгерді.

Эми Клобучар, АҚШ сенаторы:

- Мен Швеция мен Финляндияның шешімін құп көрем. Олар НАТО қорғаныс альянсына кіру керек. Қауіпсіздікке қатер төнсе, серіктестерімізді қолдауға әрқашан дайынбыз.

Сондай-ақ...