Иран ядролық келісімге оралудың шартын айтты

Иран 2015  жылғы ядролық келісімге қандай жағдайда оралатынын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің Ядролық қаруды таратпау жөніндегі конференцияға қатысып жатқан өкілі мәлімдеді. Ол үшін АҚШ аталған келісім-шартта Иранға ұсынылған экономикалық артықшылықтарға кепілдік беруі керек. 2004 жылы Батыс елдері Иран ядролық қару жасап жатыр деп санкциялар салған еді.

Кейін мәселені шешу үшін келіссөздер жүргізіліп, АҚШ бастаған 6 ел 2015 жылы Тегеранмен ядролық келісімге отырады. Бірақ билікке Дональд Трамп келген соң АҚШ одан бас тартады.

Сондай-ақ...