АҚШ-та жанармай бағасы жетінші апта қатарынан төмендеп жатыр

Маусым айында 1 галлон бензин 5 долларға сатылса қазір 4 долларға дейін түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапашылардың пікірінше, бұған ғаламдық нарықта мұнай бағасының арзандауы себеп. Ал энергия ресурстары бағасының құлдырауына дүниежүзінде экономикалық даму қарқынының баяулауы мен тауар жеткізудің жақсара түскені әсер етіп отыр - дейді мамандар.