Украинада бюджет тапшылығы 8 млрд еуроға жетті

Украинаның ай сайынғы бюджет тапшылығы бестен сегіз млдр еуроға жетті. Сол себепті ғылым және медицина саласындағы қосымша әлеуметтік төлемдер толық қысқартылды. Украина Ұлттық банкі жылдық инфляция отыз проценттен асатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда тәуелсіз сарапшылар бұл көрсеткіш 45 тіпті 50 процентке дейін көтерілуі мүмкін деп болжайды. Өйткені қарулы қақтығыс ұлттық валюта-гривнаның құнсыздануына әкелді. Бес айдан бері гривна отыз процентке құлдыраған.

Сергей Фурса, инвестициялық банкир және экономист:

– Ішкі инфляцияның өсімі әлемдік қаржы дағдарысымен тығыз байланысты. Сондықтан ІЖӨ ге қатысты болжам осындай. Кейінгі қырық жылда Балтық елдеріндегі жағдай да қиындап барады, бұл мемлекеттерде инфляция, жиырма процентті құрап отыр. Бір жағынан девальвацияны қосыңыз, сондықтан инфляция өсті, бұл бағаның шарықтауына әкелді. Импорттық тауар тасымалы қарулы қақтығыс кесірінен әлдеқайда қиындаған.

Украина қазына қорының да ай сайынғы тапшылығы сезіле бастады. Өйткені бюджет қаражатының мол бөлігі қорғаныс саласына құйылып жатыр. Зейнетақы сияқты негізгі әлеуметтік төлемдер уақытылы атқарылғанмен, түнгі кезекте қызмет атқарып жүрген медицина қызметкерлері мен ғылыми дәреже үшін берілетін қосымша төлемдер алынып тасталды. 

Алексей Плотников, қаржыгер:

Ай сайынғы бюджет тапшылығы бестен сегіз млрд еуроға дейінгі қаражатты құрады. Сондықтан ел үкіметі әлеуметтік төлемдерді қысқартуға көшті. Бюджет қызметкерлерінің айлығы тұрақты төленіп тұрады, алайда ғылыми дәреже үшін беріліп келген қосымша қаражат қазір берілмейді. Дәрігерлердің де жағдайы осындай, айлық бар, бірақ қосымша жұмыс немесе түнде қызмет атқарғаны үшін үстемақы төленбейді.

Соғыс салдарынан қатты шығынға ұшыраған ел экономикасын қайта жандандыру үшін Украина билігі әлемдік қауымдастықтан «Маршалл жоспарын» жүзеге асыруды сұрайды. Бұл дегеніміз мемлекет толық реконструкцияға мұқтаж және осынау экономикалық қиындықты еңсеруде дамыған батыс және Еуропа елдерінің тікелей көмегіне жүгіну керек. 

Авторы: Аида Қыдырбай