Берлин маңында қару-жарақ қоймасы жарылды

Берлин маңында қару-жарақ сақтаған қойма өртеніп, артынша атылған. Бұл туралы жергілікті өрт сөндіру қызметі мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоймада жойылуға тиіс снарядтар сақталған екен. Қазір 100-ден астам маман өртті сөндіруге тырысып жатыр. Бірақ жарылыс тоқтамай тұрғандықтан, отты сөндіру қиын. Мамандардың айтуынша, осы уақытқа дейін жалын шамамен 15 мың шаршы метрді шарпыған. Бірақ күннің ыстық болуы себепті, өрт одан әрі ұласа ма деген қауіп көп