Жапонияда бір күнде вирус 250 мың адамнан анықталды

Жапонияда кейінгі тәулікте 250 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды. Бұл пандемия басталғалы тіркелген рекордтық тәуліктік көрсеткіш, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде шілденің соңынан бері эпидахуал нашарлап барады. Қазір мұнда індеттің жетінші толқыны жүріп жатыр. Медицина қызметкерлері тапшы. Өйткені біразы вирус жұқтырған. Билік әзірге шектеу шараларын күшейтіп жатқан жоқ. Бірақ тұрғындар сақтық шараларын қатаң сақтайды. Мәселен, күннің ыстығына қарамастан халық көшеде бетперде киіп жүр.  

Соичи Кичиока, Токио тұрғыны:

Мен масканы тек үйде ғана шешемін. Сыртта не жұмыста бетперде тағып жүремін. Сақтыққа салғырт қарауға болмайды. Өткенде әкемнің басынан күн өтіп, дәрігер шақыртқанбыз. Көмекті ұзақ күттік. Өйткені коронавирус жұқтырғандардың көптігіне байланысты ауруханада басқа науқастарды жатқызатын орын жоқ.