Мексикада жер астында кеншілер қалып қойды

Мексиканың Коауила штатындағы апат болған кен орнында жұмысшыларды құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Шахтада ондаған кенші қамалып қалған.

Апат өткен сәрсенбі күні болды. Суға толы көрші шахта опырылып түскен. Жұмысшылар екі кен ортасындағы ұңғымада қалып қойған. Құтқарушылар суды сорып алуға күш салып жатыр. Кеншілермен әлі байланыс жоқ.

Альфредо Родригес, құтқарушы:

- Кен орнына тағы бір жерден су ағып жатқан сияқты. Өйткені біз оны сорып сыртқа шығаруға тырысқанмен толып кетіп жатыр. Қазір соны анықтауға күш салып жатырмыз.