Израиль Газа секторымен шекараға қосымша күш тартты

Израиль қорғаныс күші Газа секторымен шекаралас жерге қосымша күш тартты.

Билік өкілдері аймақтан төнген қауіпке байланысты осындай шешім қабылдап отырғанын алға тартады. Қазір Газа аумағындағы бірнеше тас жол жабық. Жуырда Батыс жағалауда ұйымдастырылған рейдтен кейін Дженин мен Самария қалаларында террорлық ұйымның бірнеше мүшесі тұтқындалды. Оның біреуі атыс кезінде оққа ұшып, ауруханада көз жұмды.

Айта кетейік, ЦАХАЛ мен Хамас арасындағы жанжал соңғы 15 жыл бойы жалғасып келеді. Израиль тарапы Газа аумағынан жасалған барлық шабуылдарды Хамас ұйымдастырды дейді.