Тайваньдағы жағдайдан техника қымбаттауы мүмкін

Техника демекші, Тайванның төңірегіндегі геосаяси оқиғаларға байданысты кейбір телефон түрлері де қымбаттауы мүмкін.

Оның ішінде айфондар да бар. Тайвань - өнеркәсіп жоғары дамыған аймақ. Әсіресе микроэлектроника өндірісі бір жолға қойылған. TSMC Apple, AMD, Intel, Nvidia, Qualcomm және басқа да алыптарға қажеттіті процессорлар мен микросхемалар шығарудан бұл аймақ әлемдік көшбасшы. IT саласының ірі ойыншыларының өндірісі Тайваньмен тығыз байланысты. Сондықтан аймақтағы кез келген тұрақсыздық бүкіл әлемдегі технология саласына әсер ететіні анық.