Еуропада жеміс пен көкөністегі витамин мөлшерін анықтайтын құрал жасалады

Еуропа шаруалары жеміс-жидек пен көкөністегі витаминдердің мөлшерін анықтайтын құрал жасап шығарғалы жатыр.

"Биосенсор" деп аталған аппарат Одақтың арнайы жобасы аясында ойлап табылған. Ол Нидерландтың Баарло қаласындағы жылыжайдың бірінде сынап тексерілген. Құрылғы жеміс-жидек пен көкөністегі витаминдер туралы ақпаратты түс коды арқылы жинайды. Алынған мәлімет өңделіп тұтынушының ұялы телефонына жіберіледі. Жоба құны 2 миллион еуро.

Бастамаға Бельгия, Германия және Нидерландтың университеттері мен зерттеу орталықтары және компаниялары қатысып жатыр.

Сондай-ақ...