Таиландта түнгі клубтағы өрттен 13 адам қаза тапты

Таиландта түнгі клубтағы өрттен 13 адам ажал құшты.

Полиция көңіл көтеру орны кісі шамадан тыс көп болғанын және құрбандардың барлығы жергілікті тұрғындар екенін айтады. Тағы 35 кісі жарақат алған. Қайғылы оқиға Чонбури провинциясында болған.

Ассоушиейтид Пресс агенттігінің хабарлауынша, өрт таңға қарай басталған. Әзірге оттың шығу себебі белгісіз. Тергеу амалдары басталды.