Украинадан астық тиеген үш кеме жолға шықты

Черноморск пен Одесса портынан астық тиелген тағы үш кеме гуманитарлық дәліз арқылы жолға шықты. Су көліктері Стамбулға қарай бағыт алды.

Жалпы алғанда 58 мың тонна жүзері экпортталмақ. Оның 13 мың тоннасы Ұлыбританияға, 12 мың тоннасы Түркияға, қалған 33 мыңы Ирландияға  жеткізіледі.

Естеріңізге салайық, 22 шілдеде Украина мен Түркия БҰҰ-ның араағайындығымен жасалған келісімнен кейін Одесса портынан Украина астығы тиелген алғашқы жүк кемесі жолға шықты. Сьерра-Леоне туын көтерген су көлігі Ливанға 26 мың тонна жүгері жеткізді. Алдағы уақытта Украина портында қалған оннан астам кеме де жолға шығатын болады.