АҚШ-та найзағай соққысынан 4 адам ауыр жараланды

АҚШ-та найзағай соққысынан 4 адам ауыр жараланды

АҚШ-та Ақ үй маңына найзағай түсіп, 4 адам ауыр жараланды. Оқыс оқиға Лафайет-сквер алаңында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақ үй жанындағы бұл орынға жазда қала қонақтары мен тұрғындары көп барады. Вашингтоннан бөлек Вайоминг штатында да осыған ұқсас жағдай болды. Мұнда найзағай соққысынан ұлттық орманға экспедицияға барған студенттердің бірі көз жұмып, тағы біреуі жарақат алған.