Қытай Пелосиге қарсы санкция енгізді

Қытай АҚШ конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси мен оның жақын туыстарына қарсы санкциялар енгізді. Оған саясаткердің Тайваньға жасаған сапары себеп.

Сондай-ақ Бейжің есірткі және трансұлттық қылмыспен күрес, заңсыз көші-қонға қатысты құқықтық көмек көрсету бойынша америкалықтармен ынтымақтастығын тоқтатады. Одан бөлек әскер-теңіз консультативтік келісім және климаттың өзгеруі сұрақтары аясындағы кездесулерді өткізбеу шешімі қабылданды.

Айта кеткен жөн, осы аптада Нэнси ПелОси Тайваньға барып қайтқан еді. «Бір Қытай» саясатын ұстанатын Бейжің мұны егемендікке қол сұғу деп атады. Алайда саясаткер сапары Тайвань бұғазындағы бейбітшілікті сақтап қалуға бағытталғанын айтып отыр.