Иракта аптап ыстыққа байланысты дабылдың қызыл деңгейі енгізілді

Иракта аптап ыстыққа байланысты дабылдың қызыл деңгейі енгізілді

Иракта аптап ыстық алқындырып барады. Ел астанасы Бағдадта ауа температурасы 50 градустан асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күннің күрт ысуына байланысты бірнеше провинцияда тіпті төрт күндік демалыс жарияланған. Жұрт ыстықтан қорғанудың амалын іздеп, түрлі тәсілді меңгеріп алған. Бірі дымқыл орамалмен оранса, енді бірі су ішіп салқындауды құп көрген.