БҰҰ Бас хатшысы ядролық қарудан бас тартуға шақырды

«Жаппай қырып жою қаруы бар екі мемлекетке ядролық соғыс жүргізу мүмкіндігі берілмеуі керек».

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Жапонияда атом бомбасы құрбандарын еске алу шарасында осындай мәлімдеме жасады. Сонымен қатар Гутерриш жиынға қатысушылар ядролық қаруды қолданбау қағидатын берік ұстанатынына үміт білдірді.

Антониу Гутерриш, БҰҰ  Бас хатшысы:

- Әлем бойынша ядролық қаруға қатысты дағдарыс белең алып барады. Оны Таяу Шығыста да, Корей түбегінде де, Ресей мен Украина қақтығысынан байқауға болады. Ядролық қаруы бар мемлекеттердің мұндай соғыс бастауына мүлдем жол берілмеуі қажет.