Израиль армиясы Газа секторындағы бақылау бекетін жою сәті түсірілген видеожазбаны жариялады.
Кеше аталған ел палестиналық «Ислам жиһады» қозғалысына қарсы әскери операция бастаған еді. Содан бері 15 адам көз жұмды. 100-ден астамы жарақат алған.
Анадолу басылымының ақпаратына сәйкес, осы уақытда дейін Израиль әскері Газадағы 26 нысанның көзін жойған. Арасында қару-жарақ жасайтын цех, топтың бекіністері бар. Өз кезегінде палестиналықтар Израильді зымыранмен атқылаған. Қазір Газа секторын айнала радиусы 80 шақырым аумақта төтенше жағдай жарияланды.