476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Үндістанда толассыз жаңбыр жауды

  • 189
  • UPD: 08:19, 07.08.2022
Үндістанда толассыз жаңбыр жауды

Үндістанның бірнеше қаласында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан көшелер көлге айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалада көлік кептелісі пайда болып, тұрғындарға жаяу жүру қиындай түсті. Азаматтар амалсыз тізеден су кешуге мәжбүр. Жаңбырдың шелектеп құйғаны сонша тіпті мамандарға Кавери өзеніндегі бөгетті ашуға тура келген.

Хабар 24 телеарнасы