Таяу Шығыста жанжал ушығып барады

Кешеден бері Израиль мен Газа аумағында үздіксіз әуе дабылы естіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар бір-бірін зымыранмен атқылауда. Палестинаның денсаулық сақтау министрлігі  Израиль жасаған әуе шабуылынан Газада 24 адам мерт болып, 203 адамның жарақат алғанын хабарлады. Атыс шабыстан өңірдегі бірнеше тұрғын үйдің тас талқаны шыққан. 

Естеріңізге салайық Израиль қорғаныс күші  аймақта «Ислам жихады» деп танылған радикалды ұйымға қарсы «Таңсәрі» операциясын ұйымдастырған.  Кикілжің аталған ұйымның көсемін Израиль әскері қамауға алғаннан кейін басталды. Израильдің қорғаныс министрі Бени Ганц шабуылдың үдей түсетінін айтты. Бұған дейін әскери операция кемінде бір аптаға жалғасуы мүмкін деген ақпар тараған. Газа Секторынан да Израиль аумағына 380 зымыран атқыланды. Олардың басым бөлігін Израильдің зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі қағып түсірді.

Сондай-ақ...