Кубадағы мұнай базасында өрт шықты

Кубадағы мұнай базасы алапат өртке оранды.  Оқиғадан 120 адам зардап шеккен. Тағы 17 тұрғын із-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Өрт мұнай қоймаларының бірінде болған жарылыстан кейін басталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызыл жалын жақын маңда орналасқан қоймаларға да таралып кетті. Қазір аспанды қою қара түтін басты. Апат болған маңайдан 800-ге жуық адам шұғыл эвакуацияланды. Мамандар тілсіз жаумен алысып жатыр. Куба билігі өзге елдерден көмек сұрады.

Сондай-ақ...