Пәкістанда тасқыннан 500 адам мерт болды

Пәкістанда жауын-шашын маусымы басталғалы бір айдың ішінде 549 адам қаза тапты. Тасқыннан 46 мың баспана қираған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатынан, әсіресе Белуджистан провинциясы қатты зардап шекті. Аймақта гуманитарлық дағдарыс жарияланды. Билік тұрғындарға азық-түлік, ауыз су мен дәрі-дәрмек жеткізуде. Құтқарушылар көмекке мұқтаж адамдарды эвакуациялап, уақытша баспанаға орналастырып жатыр. Жергілікті билік халықаралық ұйымдардан көмек сұрауға мәжбүр.