Калифорниядағы тасқыннан мың адам саябақта қамалып қалды 

Калифорнияда бірнеше күн төпелеп жауған жауын тасқынға ұласты. Салдарынан ұлттық саябақты топан су басып, 60-қа жуық көлікті су шайып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймаққа демалуға келген 500-ге жуық адам мен саябақтың 500 қызметкері эвакуацияланбай қалды. Қазір Ұлттық саябаққа апаратын барлық жолдар жабық. Құтқару операциясына авиация күштері жұмылдырылды.