Израиль мен Палестина бітімге келуі мүмкін

Израиль билігі Мысырдың ара ағайындық жасап, Газа секторында бітімге келу ұсынысынан бас тартқан жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді Каир Палестинаның келісімін күтуде. Бұл туралы Рейтерс ақпарат агенттігі хабарлайды. Бұған дейін Египет пен Израиль Таяу Шығыста бейбітшілік орнату үшін жан-жақты кездесулер өткізу туралы шешім қабылдаған.

Естеріңізге салайық Израиль қорғаныс күші аймақта «Ислам жихады» деп танылған радикалды ұйымға қарсы «Таңсәрі» операциясын бастаған еді. Тараптар арасындағы шиеленіс аталған ұйымның көсемін Израиль әскері қамауға алғаннан кейін басталды.