476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Украина астығы тиелген төрт кеме Түркиядан аттанды

  • 278
  • UPD: 21:13, 07.08.2022
Украина астығы тиелген төрт кеме Түркиядан аттанды

Украинаның дәнді-дақылы тиелген үш кемесі Ыстамбұлда құрылған үйлестіру комиссиясының тексерісінен өтіп, белгіленген бағытқа жолға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлыбританияға бет алған «Rojen» атты көлікте 13 мың тонна, Түркияның Кожаели портына кететін «Polarnet кемесіне 12 мың тонна, Ирландияға жолға шыққан «Navistar» кемесіне 33 тонна жүгері тиелген. Түркияның ұлттық қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 7 тамыз күні таңертең Украина порттарынан тағы «Mustafa Necati», «Star Helena», «Glory», «Riva Wind» кемелері Босфор бұғазына жолға шыққан. Жүк көліктерінде күнбағыс, күнбағыс майы мен жүгері бар.

Естеріңізге сала кетейік, қарулы қақтығыс салдарынан Украинада 20 миллионнан астам астықтың экспортқа шыға алмаған. 22 шілдеде тараптар Ыстамбұлда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің қатысуымен Украина порттарынан астықты қауіпсіз тасымалдау туралы келісімге келген. Құжатқа Украина, Ресей, БҰҰ және Түркия өкілдері қол қойған.

Хабар 24 телеарнасы