Израиль мен палестиналық қарулы топ бейбіт келісімге келді

Палестиналық джиһад қозғалысы мен Израиль бітімге келді. Жексенбіден дүйсенбіге қараған түннен бастап тараптар оқ атпауға уағдаласты. 

Дейтұрса да, «Ислам джихады» Израильдің кез келген шабуылына қарымта жауап қайтаратынын мәлімдеді.  Бұған дейін Египеттің барлаушылары атысты сағат 23:30-да тоқтатуға үндеген еді. Бітімгерлік келісім күшіне енбей жатып, Газа аумағында зымырандардың ұшырылғаны мәлім болды.

Еске сала кетейік, тамыздың 5-інде Израиль әскері мен Палестинадағы «Ислам джихады» қозғалысы бір-біріне оқ ата бастаған. Соңғы мәлімет бойынша 44 палестиналық көз жұмған, оның ішінде 15-і бала. Тағы 360 адам жараланды.