Ресей тұқым импортына тыйым салуы мүмкін

Ресей елге тұқым әкелуге тыйым салуы мүмкін. Федерация санкцияларға жауап ретінде осындай шараларды қабылдамақ.

Бұл туралы көрші елдің бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердің билігіне елге импорттық тұқым әкелуге тыйым салынуы мүмкін екенін ескертті, деп жазады «Коммерсант» басылымы. Үкімет Ресейге қарсы санкцияларға жауап ретінде осындай шараларды қабылдағысы келеді.

Басылым дереккөздерінің хабарлауынша, министрлік басшысының орынбасары Оксана Лут 2 тамызда өткен кеңесте тұқым әкелуге тыйым салу туралы ықтимал шешім туралы мәлімдеген. Егер ел билігі ресми түрде осындай шешім қабылдаса, бұл жергілікті тұқым өндірушілердің өсуіне жол ашады. Бірақ импортты алмастыру бірдіндеп іске асу керек дейді елдің осы сала мамандары.

«Ресейге қант қызылшасы тұқымының 97%, күнбағыс тұқымының 77% және жүгері дәнінің 50% дейін шетелден әкелінеді. Бұл ретте 30 пайызға дейін импортталатын картоп тұқымдарына да тыйым салынуы мүмкін» делінген хабрламада.