476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Калифорнияда саққұлақтар серфингтен жарысты

  • 197
  • UPD: 11:02, 08.08.2022
Калифорнияда саққұлақтар серфингтен жарысты

Саққұлақтар арасындағы сёрфингтен әлем чемпионаты. Ерекше жарысты тамашалауға жүздеген адам Калифорнияның Пасифика жағалауына жиналды.

Демалыс күндері ұйымдастырылған спорттық сайысқа қатысушылар төртаяқты достарымен бірге жұптасып су бетінде сырғанады. Кей жарыста иттер жеке-дара өнер көрсетсе, өзгесінде иесімен бірге сайысқа түскен. Саққұлақтар салмағы мен өлшеміне қарай санатқа бөлініп жарысты. Кішкентай күшіктердің салмағы 9 келіге дейін болса, орта салмақтағылары 18 келіге дейін, ал ірілерінің салмағы одан да жоғары болды. Әділ қазылар алқасы толқындардың күшін есепке ала отырып, иттердің сёрфингпен сырғанау қашықтығын, техникасын және су бетінде өз-өзін ұстауын бағалады. 

Джеймс Уолл, саққұлақтың иесі:

- Бұл достығымызды бекемдей түсетін керемет тәжірибе. Кезінде біз Фейтті автотұрақта тауып алған едік. Күшік кезінде өте үркек болатын. Жағалауға жиі серуендеуге шығатынбыз. Бір күні сёрфингке секіріп отырып алды, сол кезде маған неге толқын бетінде сырғанауға үйретпеске  деген ой келді. Содан бері серфинг бәріміздің сүйікті ісімізге айналды.

Хабар 24 телеарнасы