Ауғанстанда шабуылдан қаза тапқандар мен жараланғандар саны 120 адамнан асты

Ауғанстанда соңғы бірнеше күнде шабуылдардан қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны 120 адамнан асты.

Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының осы елге көмек көрсету миссиясының өкілдері айтты. Халықаралық қауымдастық "Талибан" үкіметінен саны аз діни қауымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, өткен аптаның соңғы 3 күнінде "ДАИШ" лаңкестік ұйымы шиіттерге шабуыл жасаған.