476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Гонконгте карантин мерзімі қысқартылды

  • 247
  • UPD: 15:08, 08.08.2022
Гонконгте карантин мерзімі қысқартылды

Ковидке байланысты қонақүйдегі карантин уақыты үш күнге ғана созылады. Гонконг әкімшілігі шетелден келетін саяхатшыларды оқшаулауға қатысты осындай шешім шығарды.

Алайда олар қосымша 4 күн бойы денсаулығын бақылап, бар мен мейрамхана сияқты адам көп шоғырланатын жерге бармауы тиіс. Бастапқы үш күнде арнайы ұялы телефон қосымшасында сырттан келушілердің статусы қызыл болады. Одан кейінгі күндері ол сарыға ауысады. Жаңа ереже тамыздың 12-сінен бастап күшіне енеді. Бұған дейін Гонконгтегі карантин уақыты 3 аптадан 7 күнге қысқарған еді. Әуежайдан түскен бетте оқшауланған жандар қонақүйге орналастырылады. 

Джон Ли, Гонконг әкімшілігінің басшысы:

- 3 + 4 күн бағдарламасына сәйкес әдеттегі ПТР тест тапсыру керек. Кімнің нәтижесі оң болса, онда ол адам карантин аумағынан шыға алмайды. Ал кімдікі теріс болса, оның статусы төрт күнге сарыға боялады. Бұл күндері денсаулықты жіті бақылау қажет.

Хабар 24 телеарнасы