476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Альпі тауларында мұздық еріп жатыр

  • 203
  • UPD: 16:01, 08.08.2022
Альпі тауларында мұздық еріп жатыр

Альпі тауларындағы мұздықтар мен қар рекордты жылдамдықпен еріп жатыр. Бұл аймақтағы туризмге кері әсер етуде.

Мәселен, Швейцариядағы Еуропаның ең үлкен шаңғы тебу демалыс орыны - Церматқа адам аз келетін болған. Биыл бұл жердегі мұздықтардың биіктігі 5 сантиметрге төмендеп, ауа температурасы 0,3 градусқа жылынған. Біріккен Ұлттар Ұйымының климат өзгерісіне арналған есебінде 2100 жылға қарай Альпідегі мұздардың 80 пайыздан астамы еритіні көрсетілген.

- Соңғы 20 жылда біздің аймақта көп өзгеріс болды. Мұздықтардың биіктігі 10 метрге дейін төмендеді. Әдеттегідей емес, жаз мезгілінде күн өте жылы. Екінші мәселе, қыста мүлде қар жаумайтын болды. Өзім мейрамхана ұстаймын. Соңғы жылдары бизнесімнің табысы 80 пайызға кеміді.

Хабар 24 телеарнасы